Су спортынан Азия чемпионаты: Су добынан жігіттеріміз қарсыласын жеңіп, қыздарымыз ұтылды

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы су добынан сынға түсті.

су спорты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нақтырақ айтсақ, су добынан ұлдар арасында Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті.

Ал қыздар құрамасы екінші ойынында Жапонияға есе жіберді.

Жарыс қорытындысы:

Су добы. Ұлдар. Топтық кезең. 2-ойын

Қазақстан — Сингапур 16:9 (5:2, 5:3, 2:3, 4:1)

Қазақстан құрамасы голдарының авторлары:
Пантелеев — 5
Нұртаза, Грибов — 3
2 Белоусов -2
Құбайдолла, Сатберген, Балтабекұлы — 1
Қазақстан командасымен бірге В тобында Сингапур, Шри-Ланка, Иран және Малайзия құрамалары өзара мықтыны анықтап жатыр.
А тобында Қытай, Жапония, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Таиланд командалары бақ сынасуда.
Су добы. Қыздар. 2-ойын

су спорты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан — Жапония 16:26

Қазақстан құрамасы голдарының авторлары:
Дарина Сембек — 3
Яна Смолина, Анфиса Журавлева, Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко, Юлия Дружинина — 2
Ариадна Затыльникова -1
Чемпионатқа қатысып жатқан 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) жеңімпаз бен жүлдегерлерді айналмалы жүйе бойынша анықтайды.