Су тасыған өңірлерде көкөністің шіріп жатқаны рас па

АСТАНА. KAZINFORM – Қоймаларда көкөніс шіріп жатыр деген ақпарға қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді.

Су тасыған өңірлерде көкөністің шіріп жатқаны рас па
Фото: Kazinform

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министрге «Су басқан өңірлерде қоймалардағы көкөніс шіріп жатыр деген ақпарат бар. Сіз бұл ақпаратты растайсыз ба?» - деген сұрақ қойылды.

«Су тасыған өңірлер бойынша біз күнделікті ақпар жинаймыз. Оған сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігіне көкөніс қоймалары бойынша деректер түскен жоқ. Бүгін, ертең қосымша ақпарат түссе, оның анығын айтамыз», - деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ министрге «Азық-түлік бағасын қадағалайсыз ба?» деген сауал қойылды.

«Орташа есеппен баға 0,3-0,5 пайызға өсті. Азық-түлік бағасына су тасқыны әсер еткен жоқ деуге болады», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін А.Сапаров тасқын судан қырылған құжатсыз мал шығыны қалай өтелетіні туралы айтқан еді. 

Сонымен қатар министр еліміздегі қант қорына қатысты пікір білдірді.

Одан бөлек, Айдарбек Сапаров биыл шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінгенін жария етті.