Су тасқыны: 100-ден астам сарбаз СҚО-дағы бөгетті бекітіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылы маңында Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғызылған бөгетке зақым келді.

Таңертеңнен бастап ІІМ Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлімінің күштері апат салдарын жою жұмыстарына тартылды.

100-ден астам әскери қызметкер Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесе отырып, бөгетті бекітіп жатыр.

Табиғи апаттың алдын алу үшін 500-ден астам инертті материал салынған қап дайындалды.

Олар жайылған суды бөгеу үшін қолданылып жатыр.
Айта кету керек, бұл учаскеде әскери қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ұландықтар жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл әрекет етіп, елді мекен мен жергілікті тұрғындардың мүлкін қорғау шараларын қабылдауда.
Айта кетелік СҚО-да Тепличное елді мекені маңында мыңнан аса адам түні бойы жұмыс істеді.