Су тасқыны: Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды

бөгет
Фото: Әнуар Әбілғазиев

АСТАНА. KAZINFORM - Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасуда, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

«ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда»,-деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар