Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығады

пойыз
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта бір рейске қосымша пойыз бекітті. 

№ 215/216 «Алматы-Атырау» пойызы мына кестемен қатынайды:

— Алматыдан 19 сәуір сағат 13:40–та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32–де келеді

— Атыраудан 21 сәуір сағат 23:16–да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50–де келеді.

жолаушы
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Купеге де, плацкарт вагондарына да билет бар. 

Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.

жолаушылар
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірінен алуға болады. 

Соңғы жаңалықтар