Су тасқыны: Атырау облысы Құлсары қаласында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

су
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

ҚҰЛСАРЫ. KAZINFORM -  Бүгін Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқыны болуы мүмкін аймақта тұратын халықты хабардар ету үшін дабыл сиренасы қосылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Автобус тұрғындарды 10 эвакуациялық пунктке эвакуациялап жатыр. Қазір 130 адам эвакуацияланды, оның ішінде 84 бала бар.

Жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға ЖАО, полиция, әскери бөлімнің, ТЖД 323 қызметкері, 142 техникасы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар арасынан 4540 адам жұмылдырылды.

Құлсары қаласының станциясынан Атырау қаласына 5 вагоннан тұратын жолаушылар пойызы халықты тегін тасымалдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар