Су тасқыны басталғалы 17,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды

тасқын су
Фото: Атырау облысы жедел штабы

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде су тасқыны басталғалы 17,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 12.30-дағы ақпаратты жариялады.

Ондағы дерекке қарағанда, республика аумағында 51 111 адам өз үйлеріне оралды.

«Су тасқыны кезінде 10 013 жеке тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», — деп жазылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар