Су тасқыны: БҚО-да тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр

көмек көрсетті
Фото: БҚО мәслихаты

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Ақжайық» қорына қажетті қаржы жинақталып жатыр.

Өңірде төтенше жағдай жариялануына байланысты үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде «Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақжайық» қоры арқылы қаражат жинау туралы үндеу жариялады. 

қайырымдылық
Фото: БҚО мәслихаты

Облыстық штабтан берілген мәліметке қарағанда, 28 наурыз — 8 сәуір аралығында бизнес өкілдерінен 63,1 млн астам теңге, жеке адамдардан 226,5 мың теңге, мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйым қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен 12,1 млн астам теңге және мемлекеттік емес ұйымдардан 5,3 млн астам теңге түсті.

Қазіргі таңда «Ақжайық» қорына 80,8 млн астам теңге жиналды. Бұл жұмыс жалғасады. Сонымен қатар Астана қаласында тұратын батысқазақстандықтар да бұл істен шет қалмады.

«Күні бүгін 8,3 млн теңге жиналды. Бастапқыда бұл қаржыны батысқазақстандықтарға арналған арнайы қорға жіберу көзделген еді. Дегенмен қазір гуманитарлық көмек жіберу керек деген пікір бар. Мәселе талқыланып жатыр. Қалай болғанда да жәрдем беріледі», — деді Астанада тұратын Темірхан Меңдіғалиев.

көмек
Фото: БҚО мәслихаты

Сондай-ақ Орал қаласындағы Достық үйінде ассамблея жастарының бастамасымен ашылған гуманитарлық көмек көрсету үшін қабылдау пункті жұмыс жасауда. 28 наурыздан бері жалпы құны 54 млн теңгеге азық-түлік, жеміс пен көкөніс, дәрі-дәрмек, санитарлық-гигиеналық құралдар, алғашқы керек-жарақ, киім-кешек, тұрмыстық заттар, құрылыс және басқа тауарлар жиналды. Осы күнге дейін гуманитарлық көмек Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі және Бәйтерек аудандарына жөнелтілді.

Оған қоса Батыс Қазақстан облысына республика өңірлерінен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

«Өткен аптада әріптесім, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы — «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған партияластар атынан 20 тоннадан астам гумкөмек жіберіліп, оны төтенше режим жарияланған аудандарға жөнелттік. Кеше Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтің жетекшілігімен өңірімізге 28 тонналық гумкөмек келді», — деді БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласынлағы саяжайлардан тұрғындар көшіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 710 сантиметрге жетті



Соңғы жаңалықтар