Оралда жеті балабақша уақытша жабылды

бақша
Фото: Pexels

ОРАЛ. KAZINFORM — Су тасқыны қаупіне байланысты Орал қаласында 7 балабақша 16 сәуірден бастап қызметін уақытша тоқтатты.

Орал қаласы білім бөлімінен мәлім еткендей, шаһарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты қауіпті тұста орналасқан № 2, 6, 12, 16, 17, 29, 33 мектепке дейінгі ұйымдары уақытша жұмыс істемейді. 

Осы мекемелерде 1 018 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. 

Бұлардан басқа балабақшалар қалыпты жағдайда бүлдіршіндерді қабылдап, өз қызметін атқарады. 

«Қалада барлығы 50 мемлекеттік, 124 жеке балабақша бар. Жеке балабақшалар өздері шешім қабылдайды» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда салқын судың болмайтыны туралы жалған ақпарат тарағанын жазған едік. 

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласында 780 см-ге жуықтады.

Соңғы жаңалықтар