Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда Есіл өзенінің су деңгейі 1181 см-ге келіп тоқтады. Өңірде әлі де қауіпті жағдай сақталған. 

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертеңнен тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылынан тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастады.

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ауылдың 20-дан астам тұрғыны жатақханаға орналастырылды, тағы 50-ге жуық адам уақытша туыстарына көшті.

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Жағдай бақылауда. Ауылда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов бастаған ПД аппараты жұмыс істеп жатыр. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп, жергілікті билікке жәрдемдесіп, халыққа жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, тұрғындарға су деңгейінің көтерілуіне байланысты, үйлерін уақытша қалдыру қажеттігін түсіндірді. Тәртіп сақшылары мүлікті қауіпсіз жерге шығарып, тұрғындардың өтініштерін орындап, тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдемдесіп жатыр.

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ ауыл маңына су кірмеу үшін үйілген үйінділер бекітіліп жатыр.

Су тасқыны: СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарыла бастады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Тасқынмен күреске Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де жұмылдырылған. Олар 200 мыңнан астам құм-балшық толтырылған қапшық дайындады.

Соңғы жаңалықтар