Су тасқыны: Жайықтың жағдайы тәулік бойы бақыланып жатыр

Су тасқыны: Жайықтың жағдайы тәулік бойы бақыланып жатыр
Фото: Су ресурстары министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салынды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізіп жатыр. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған. Су тасқынынан зардап шеккен 50 670 адам өз үйіне оралды. Ал 5 436 адам әлі күнге дейін уақытша орналасу пункттерін паналап отыр.

Соңғы жаңалықтар