Су тасқынына байланысты елімізде жаңа қауымдастық құрылады

Жаңа адамдар
Фото: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жаңа қауымдастық құрылады. 

Сәуір айының басында «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы су тасқынымен күрес кезінде апат аймақтарына еріктілер тобын жіберу үшін жаңа қауымдастық құратынын мәлімдеді. 

«Бәрімізге қатысты» науқаны арқылы су апаты кезінде көмекке мұқтаж аймақтарға ондаған тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Сондай-ақ жүздеген адам әртүрлі топпен Көкшетау, Петропавл, Орал, Атырау және Ақмола облысының бірнеше ауылына барды. 

жаңа қауымдастық
Фото: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы

Су басқан өңірлерге жүздеген жас апатпен күреске көмектесу үшін жөнелтілді. Олар бөгет салу, қапқа құм толтыру және өзге де жұмыстарға атсалысты. 

«Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы
Фото: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы

Еліміздегі табиғи апат Қазақстанда жаңа қауымдастықтың құрылуына себепкер болды. «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы қауымдастық атауын «Жағдайға немқұрайлы емес жандар» деп атады. 

Соңғы жаңалықтар