Су тасқынынан адам өлімі фактісі тіркелген жоқ – ТЖМ

Бауыржан Сыздықов
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан өңірлерде адам өліміне қатысты түсінік берді.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында «Су тасқыны салдарынан қанша адам қайтыс болды және қанша адам іс-түссіз жоғалды?» деген сауал қойылды. 

«Су тасуы салдарынан қайтыс болған адам жоқ. Алайда су көтерілген кезде, яғни Атырау және Абай облыстарында тіркелген жағдайлар бар. Қазір ол мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Оған қатысты алдын ала шешім шығаруға ерте. Ішкі істер министрлігі өз жауабын береді», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов. 

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысында тасқын құрсауындағы өңірлердің ахуалын баяндады. 

Айта кетсек, Премьер-министр тасқын су аймақтарынан қажет болса, халықты мәжбүрлеп көшіру керектігін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар