Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыстарды онлайн бақылау жүйесі қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыстарды онлайн бақылау жүйесін іске қосты.

Балабақша құрылысы басталды
Фото: СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Sergek Group» компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін жасады.

«Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деп жазды ведомстводан.