Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Түркістан облысынан 150 жуық техника жіберіледі
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бүгін су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына 70-тен астам техника мен көлік жүргізушілері жіберілді. Ал, ертең тағы 50-ге жуық техника жолға шықпақ.
Техникаларды Түркістан және Арыс станцияларында түні бойы пойыздарға тиеу жұмыстары жүргізілді. Енді «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы белгіленген кестеге сәйкес Атырау станциясына жеткізеді.
Жалпы, бұған дейін Түркістаннан Батыс Қазақстан облысына 104 жеке құрам мен 12 техника, ал Солтүстік Қазақстан облысына 54 жеке құрам мен 9 техника жіберілген болатын. Қазіргі кезде Төтенше жағдай қызметкерлері аталған аймақтарда су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, өңірден барған ерікті жастар да апат аймақтарына жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысынан БҚО-ға 200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.