Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматы облысында демалады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары Алматы облысында орналасқан жыл бойына жұмыс істейтін лагерлерде демалады.

демалыс лагерь
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 9 бен 15 жас аралығындағы 70 бала Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Тау жанашар» балалар белсенді сауықтыру лагерінде демалады. Оқушыларды орналастыру жұмыстары сәуір айының 10 мен 25 аралығында жүзеге асады.

демалыс
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Сондай-ақ 10-шы сәуірден 10-шы мамырға дейін «Тау-Тұран» балалар лагерінде 100 бала демалады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

демалыс
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балалардың сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатқанын мәлімдеген еді.

балалар
Фото: Алматы облысы әкімдігі
қарсы алу
Фото: Алматы облысы әкімдігі
жасөспірімдер
Фото: Алматы облысы әкімдігі