Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды

су тасқыны
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдай министрлігі 11:00-дегі су тасқыны жағдайы жөнінде ақпарат таратты. 

Республика бойынша 50 467 адам үйіне оралған.

9 660 жеке тұрғын үй мен 3 213 ауладан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Су тасқыны басталғалы бері 16,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.  

Соңғы жаңалықтар