Су тасқынының екінші толқыны: ШҚО-да Ертіс өзенінің бойындағы ауылдарды су басу қаупі жоқ

Қазақстан
Фото: ШҚО ТЖД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінің бойындағы ауылдарды су басу қаупі жоқ.

Қазір өңірде су тасқынының екінші толқыны жүруде. Соған орай облыстағы таулы аудандарға аэровизуалды бақылау жасалды. 

«ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың төрағалығымен арнайы жұмыс тобы «Өскемен-Алтай-Катонқарағай» бағыты бойынша ұшып өтті. Белгілі болғандай, қар негізінен таулардың солтүстік беткейлерінде жатыр. Жазық бөлігі мен оңтүстік беткейлер таза», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ертіс өзенінің бойындағы жағалау сызығын тексеру кезінде елді мекендерді су басу қаупі байқалмады. Жағалауды нығайту және өзеннің түбін тереңдету, бөгеттерді салу, ыдыс-қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда. 

Шығыс Қазақстан
Фото: ШҚО ТЖД

«Комиссия осы жұмыстардың Алтай ауданының Зубовск және Малеевск кенттерінде жүргізілуімен танысты. Тексерілген аудандарда шұғыл ден қою жасақтарының дайындығы тексерілді», - делінген ақпаратта. 

Облыста 23-26 сәуірде таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Осыған байланысты көлбеу ағындардың пайда болуы, өзендердегі су деңгейінің көтеріліп, шекті белгілерден асып кетуі ықтимал. 

Еске салсақ, бұған дейін облыста су тасқынының екінші кезеңі басталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар