Су тасқыны 5 облыста 400-ден астам үйді апатты жағдайға соқтырды - Төтенше жағдайлар комитеті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су тасқыны Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 қаланы және 28 аудандағы 88 елді мекендерді және Астана қаласының маңындағы ауылдарды су кетірді,. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су тасқыны 5 облыста 400-ден астам үйді апатты жағдайға соқтырды - Төтенше жағдайлар комитеті (ФОТО)

Су басу аймағына 3067 үй ұшырады, бүгінде 2941 үйден су кетті, Ақмола облысында 126 үй су астында қалып отыр.

Құтқару құрылымдары барлық жерде тасқынға қарсы шаралар жүргізді. Ақмола облысында үйлерден, жертөлелерден және аула аумақтарынан 686,3 мың текше метр су сорып алынды, 203 аула тазартылды және 277 тонна қоқыс шығарылды. Облыста барлығы 346 үй суға кетті.

Қарағанды облысында су басқан елді мекендерден 162,7 мың текше метр еріген су сорып алынды, 2 121 аула тазартылды және 14,3 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыста су тасқыны кезеңінде 2 121 үйді су басты.

Шығыс Қазақстан облысында 463 үйді су басты, 2 213 аула мен көшелер тазартылды, 1 860 тонна қоқыс шығарылды. Ортақ күш-жігермен үйлерден, жертөлелерден және аулалар аумағынан 401,7 мың текше метр су сорып алынды.

Тұтастай алғанда 5 облыста 4 537 аула аумақтары тазартылды және 16,4 мың тонна қоқыс шығарылды. Барлығы 3 043 мың шаршы метр тасқын су сорып алынды.

Сонымен қатар 602 зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, 863 тұрғынға психологиялық көмек берілді. Су тасқыны кезінде 8 281 адам үш мезгіл ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

Қазіргі кезде 2880 үй тексерілді. Тұрғын үйлерді қарау, оның ішінде 78 үйге ағымдағы жөндеу қажет екенін көрсетті. Қазіргі кезде олардың 25-і жөнделді. Тағы 281 үйге күрделі жөндеу жүргізу қажет. Тасқын су 198 үйді бүлдірді, 441 үй апатты жағдайда, 463 үй бұзуға жатады. Қазірдің өзінде 11 үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, 15 жаңа үйдің құрылысы басталды.

Су тасқынына қарсы шаралар коммуникацияларды қалпына келтіру жағынан да жүргізілуде. Телефон байланысынан айырылған 1971 абоненттің 1 482-сі қалпына келтірілді. Сондай-ақ 6 289 абоненттің 5 992-сін электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Сонымен қатар 59 метр орталық сумен жабдықтау желісі бұзылған болатын, бүгінгі таңда олардың 56 метрі қалпына келтірілді.

19 647 тұрғынға киім, аяқ киім, азық-түлік тағамдары, 334,5 тонна көлеміндегі тұрмыстық керек-жарақтар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.