Су тасқыны кезінде ақ аю торынан шығып, қашып кетті

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Американың солтүстігіндегі Минессота штатында орын алған су тасқынының салдарынан хайуанаттар бағын су басты, бірнеше жануар өлді.

Су тасқыны кезінде ақ аю торынан шығып, қашып кетті

 Жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлаған Reuters агенттігінің жазуынша, бірнеше жануар - Берлин есімді ақ аю мен екі итбалық өздерінің торларынан шығып, қашып кеткен.

Нөсерлі жаңбырдың салдарынан болған тасқын көшкінге алып келді, Дулут қаласында, өзеннің жағасында орналасқан ондаған үйлердің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Хайуанаттар бағының қызметкері мәлім еткендей, мекеме аумағының жартысын су басты. Есек, қой, ешкілерді құтқаруға мүмкіндік болған жоқ. Қашып кеткен жауарлар көп ұзамай табылды, оларға карантин жарияланды.