Су тасқыны салдарынан 10 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Муссондық жауын-шашын салдарынан Малайзияның солтүстік-шығыс бөлігінде орын алған су тасқыны 10 адамның өмірін қиды, деп хабарлады khabar.kz ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Көршілес Таиланд елінде де 14 адам көз жұмды. Нөсер Малайзия мен Таиланд жерінде желтоқсанның ортасында басталған. Табиғи апат 160 мың адамды өз баспаналарын тастап шығуға мәжбүр етті.