08:42, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
Су тасқыны салдарынан екі облыста жолдар жабық күйінде қалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан жекелеген тасжолдар жабық күйінде қалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында
23 сәуірден бастап «Челябі-Новосибирск» республикалық маңызы бар автожолдың 525-530 шақырым аралығында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
24 сәуірден бастап «Қарға аралына кіреберіс» облыстық маңыздағы күре жолдың 0-11 шақырым аралығы барлық көлік үшін жабық тұр.
Шығыс Қазақстан облысында
20 сәуірден бастап тюбингті құбырдың шайылып кетуіне байланысты «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырым аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабық. Айналма жол ұйымдастырылған.