Су тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті -Кубань

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Краснодарь өлкесінде су тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік аймақтық орталығына сілтеме жасап.

Су тасқыны салдарынан  қаза болғандардың саны 14 адамға жетті  -Кубань

Қазіргі таңда 12 адамның тұлғасы анықталды, екі адамның тұлғасы анықталуда, тағы 9 адамның тағдыры беймәлім. Туапсе ауданының емханаларына 28 адам медициналық көмек сұрап келді, деп хабарлайды ақпарат көзі.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 16-сына қараған түні Туапсе ауданында нөсер жауынның салдарынан тау өзендеріндегі судың деңгейі көтеріліп, елді мекендерді басып қалған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, 22 елді мекенді су басып қалған. Апат аймағынан 300-ге жуық адам көшірілді. Табиғат апатына байланысты өлкелік төтенше жағдайлар қызметі жедел штаб жасақтады, ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді.