Су тасқыны салдарынан Приморье өлкесінде оқу жылы кеш басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су тасқыны салдарынан Приморье өлкесіндегі 13 муниципалдық құрылымның 65 мектебінде оқу жылы кейінге қалдырылды.

 Су тасқыны салдарынан Приморье өлкесінде оқу жылы кеш басталады

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіден бастап округтік әкімшіліктер мен бірқатар ауыл оқушылары қашықтан білім алады, кейбір елді мекендерге мұғалімдер амфибия-автокөліктер арқылы жеткізіледі.

Соңғы күндері Приморье өлкесіне үш айлық нормадағы жауын-шашын жауып, 14 муниципалдық құрылымдағы 3260 үй мен 1086 үй аумағын су басқан. Су тасқынына байланысты, өлкеде төтенше жағдай режімі жарияланды, бірнеше елді мекендерде құтқару шаралары жалғасуда.