12:02, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Су тасқынына байланысты Қытайда шошқа еті мен көкөністер қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір аптадан бері Қытайдың оңтүстігіне жауған жаңбыр алапат су тасқынына айналды. Ондағы шошқа фермалары мен көкөніс алқабы айтарлықтай зардап шеккендіктен, апат аймағында шошқа еті мен көкөністер бағасы қымбаттады, деп хабарлады epochtimes.ru.
Жаз басталғалы Қытайдағы ең ұзын өзен Янцзының төменгі аудандарындағы нөсер жауын толастар емес. Янцзы өзенінің суы және сай-саладан аққан су айналаға тарап, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына үлкен залал келтіруде.