Су тасқынына дайындық: Өскеменде 5000 ыдыс-қап пен 400 тонна құм әзірленді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық жасалуда.

«Бүгінгі күні Ахмер ауылындағы Омаров көшесінде арықты тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізілді. Шмелев Лог кентінде, «Металлург-3» бақша қауымдастығында және 28 тұрғын ауданда да осындай жұмыстар өз мәресіне жетті. Жібек маталар комбинаты, Аблакетка, Промбаза, Согра, Куленов, Жыланды, Защита, Нефтебаза, Прохладный шағын аудандарында, Ахмер ауылында, Шығыс, Прудхоз кенттерінде арықтарды, Жуковский, Шешек, Бражинский жылғаларының арналарын тазарту қолға алынды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала аумағындағы өзендер мен жылғалардағы жағдай тұрақты. Су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 75 арнайы техника, жеке құрамнан 120 адам және 20 тасымалданатын мотопомпа әзірленді. Жақын арада тағы осындай 10 мотопомпа сатып алу жоспарлануда.

«Бұдан бөлек, 5000 ыдыс-қап, 400 тонна құм, 70 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды. Құтқарушылар халықты үй маңындағы аумақтарды қардан уақтылы тазартуға, арықтар мен жылғалардың арналарына қоқыс тастамауға шақыруда», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар
telegram