Су тасқынына қарсы комиссия Торғай өзені алабын ұшақпен тексерді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының су тасқынына қарсы комиссияға қатысушылар Торғай өзенінің алабы бойынша облыс аумағының оңтүстік бөлігін ұшақпен тексеріп шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Су тасқынына қарсы комиссия Торғай өзені алабын ұшақпен тексерді

ТЖ бойынша облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу бағыты 8 бағдар бойынша түзілді: Қостанай - Ашутасты - Ақжар- Арқалық (карьер, бұру арнасы) - Сарыторғай өзенінің басы - Қызылжұлдыз кентінің бөлімшесі - Ашутасты - Жолдама өзені (Амангелді ауданы) - Қостанай.

Комиссия мүшелері Арқалыққа бара жолда Амангелді ауданында қар жабынының жоқ екенін байқаған. Сондай-ақ, Торғай өзені алабының оңтүстік бөлігінде де қар еріп кеткен. Алайда, Ашутасты, Тасты және Қарынсалды өзендерінің солтүстік жағынан қар байқалды, - делінген ТЖД хабарламасында. -  Қызылжұлдыз бөлімшесі мен Иманов ауылы арасында су бар».

Қарағанды облысы Ұлытау тауларынан Сарыторғай, Қараторғай, Саба өзендері арқылы келетін су ағынының қаншалықты күрделі болары әзірге белгісіз. Бұл аумақтағы қардың еруі енді ғана басталды. 

null null