Су тасқынынан кейін Нигерияның ауылдарын қолтырауындар басты

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Су тасқынынан кейін орталық Нигерияның ауылдарына көптеген жабайы хайуандар кірді.
None
None

Жергілікті тұрғындар қолтырауындар, сусиырлар мен жыландар туралы хабарлауда, мәлім етті Би-Би-Си.

Бенуе штатында өзінің үйінен қауіпсіз аймаққа көшірілген азаматтың сөзіне қарағанда, ол үйіне оралғанда онда жайғасып алған сусиырды көрген.

Құтқарушылар жабайы аңдар су бөгеті бұзылғанкөрші Камеруннан келгендігін айтуда.

Нигерияның бұл бөлігінде болған су тасқындары соңғы бірнеше ондаған жылдардың ішіндегі ең қасіреттісі. Мыңдаған адамдар көз жұмды, бірнеше жүздеген тұрғын баспанасыз қалды.

Соңғы жаңалықтар