Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жұмыстары аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі білім беру үдерісінде және балалар мен жастармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға арналған «Су сандығы» оқу-әдістемелік ресурсын әзірлеп жатыр. 

Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ресурсқа тақырыптық оқу материалдары, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, ақпараттық және әдістемелік әзірлемелер, экологиялық ертегілер, сондай-ақ «Су ізі» платформасын қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілген. Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оларды педагогтер сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалана алады.

Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

«Су сандығын» толтыру бойынша жұмыс су ресурстары, білім беру және экологиялық ағарту саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта материалдардың басым бөлігі қалыптастырылып, оларды білім беру ұйымдарына таратуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

— «Су сандығы» министрлік жобалары аясында жинақталған экологиялық ағарту және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған материалдар мен тәжірибелерді біріктірді. Енді бұл білім мен құралдар бір ресурста жинақталып, педагогтерге оларды балалар мен жастармен жұмыс барысында пайдалануға мүмкіндік береді, — деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жұмыстар аяқталғаннан кейін «Су сандығы» ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі. 

Айта кетелік мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылып жатыр