Су үнемдеуге ынталандыратын тарифтер қажет – Экология министрлігі
«Су саласындағы қазіргі проблемалар әсіресе халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде қалыптасып отырғанын ескерсек, су қауіпсіздігі мәселелері ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен қатар тұр», - деді Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған байланысты, спикер трансшекаралық су ағындарын басқару және пайдалану кезінде Қазақстанның мүддесін қорғауды күшейту керегін айтты.
Трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды ведомствоаралық үйлестіру үшін Қазақстанның су кеңесі құрылды. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін барлық халықаралық алаңдар іске қосылады.
«Екіншіден, суды пайдалану тиімділігін арттырып, суға сұранысты басқару қажет. Ол үшін суды бөлу және есепке алу процестерін цифрландыру және автоматтандыру жұмыстарын жандандыру, су тұтыну лимиттері мен нормаларын төмендету арқылы судың нақты сұранысын нормативтік сұранысқа жақындату қажет. Бұдан басқа, су үнемдеуге ынталандыратын тарифтер белгілеу қажет. Бұл ретте, мемлекет бөлетін субсидиялар мөлшері суару нормаларымен және су үнемдеу технологияларын енгізу деңгейімен байланыстырылуы тиіс», - деді Д. Бекмағамбетов.
Фото: ortcom.kz