Су жолын бөгеген контейнер кемесі Суэц каналындағы қайраңнан шығарылды

КАИР. ҚазАқпарат - Inchcape теңіз қызметтерін ұсынушы компанияның хабарлауынша, әлемдегі ең маңызды сауда жолдарының бірінде тұрып қалғанына бір апта өткенде құтқарушылар алып кемені орнынан қозғалтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Time басылымына сілтеме жасап.
None
None

Каналдың көлік қозғалысына жақын арада қашан ашылатыны белгісіз.

Суэц каналындағы кептеліске байланысты 450-ден астам кеме тұрып қалды.

Құтқару жұмысындағы бұл жетістік 27000 текше метр құм қазылғаннан кейін мүмкін болды.

Айта кетейік, біз бұған дейін Мысырдың Суэц каналында ірі жүк кемесі қайраңға тұрып қалып, әлемдегі ең үлкен сауда маршрутының жолын бөгеп тастағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар