Суарес «Барселона» құрамында 9-шы нөмірмен ойнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ливерпульден» «Барселонаға» ауысқан Уругвай шабуылшысы Суарес ойынға қай нөмірмен шығатынын белгіледі.

Суарес «Барселона» құрамында 9-шы нөмірмен ойнайтын болды

Испан клубының ресми сайты хабарлағандай, Суарес 9-шы нөмірмен ойнайтын болады.

Мәміленің ресми сомасы хабарланбайды, алайда кейбір БАҚ деректеріне сүйенсек, ол 75 млн. еуроға жуық қаржыны құрайды.