Суармалы егістіктерге 5,5 млрд текше метрден астам су берілді - Қазсушар
АСТАНА. KAZINFORM - Соңғы деректерге сай, «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 5,5 млрд текше метрден артық су берді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 2,72 млрд текше метр суармалы су берді.
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 1,15 млн текше метр су жеткізді.
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 700,2 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.
Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 310,7 млн текше метр су берілді.
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 320 млн текше метр су берді.
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы дихандарға 180 млн текше метр су берді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 16,6 млн текше метр су жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарды 73 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егістіктерге 16,5 млн текше метр су берді.
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 9,83 млн текше метр су жіберді.
Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 9,2 млн текше метр суармалы су жеткізді.
Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 0,49 млн текше метр су берді.
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарын суаруға 2,56 млн текше метр су жіберді.
Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 6,74 млн текше метр су жеткізіп берді.