Суармалы жерлердің алаңы 2 еседен астам деңгейде қысқарды - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суармалы жерлердің алаңы соңғы 30 жылда 2 еседен астам деңгейде қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Министрлік мал шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жүйелі сипаттағы бірқатар шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Біріншіден, бұл - егіншілікте нақты әртараптандыруға қол жеткізу, жерді пайдаланушылардың жалға алу шарты аясында алған, ауыспалы егісте азық дақылдарының болуы көзделген ғылыми негізделген ауыспалы егісті сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауына назар аудару. Қазіргі уақытта бізде азықтық дақылдармен небәрі 3 млн гектар қамтылған, дегенмен 1991 жылы бұл көрсеткіш республика бойынша 11,5 млн гектар деңгейінде болды немесе егістіктің жалпы алаңындағы азықтық дақылдардың үлесі шамамен 33%-ға жетті. Бұл процесті бақылау үшін ғарыштық мониторинг және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша заманауи технологиялардың мүмкіндіктері барынша пайдаланылатын болады», - деді Ербол Қарашөкеев .

Оның айтуынша, климаттың өзгеруі су ресурстарының өсіп келе жатқан тапшылығына әкелді. Нәтижесінде, суармалы жерлердің алаңы соңғы 30 жылда 2 еседен астамға – 3 млн гектардан 1,4 млн гектарға дейін қысқарды. Сондықтан қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларына көшу, әртараптандыру шеңберінде ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту, су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суаратын суды ұтымды пайдалану негізгі шешімдер болып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік аталған өңірлерді қолдауға қанша қаражат бөлінгенін баяндады.

Өңірлер арасында азық-түлікті белгіленген бағамен өзара жеткізу және зардап шеккен шаруашылықтарға шөп шабу үшін 130 мың гектарға жуық шабындық жер бөлу туралы шарттар мен меморандумдар жасалды.


Соңғы жаңалықтар