Судья әйелдер уақыт тапшылығына шағымдануда - Жақып Асанов
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судьялардың жеке өміріне уақыттары тапшы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке орай, сотқа шағымданушылардың саны күрт өсуде», - деді Ж. Асанов соттарды цифрландыру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел барысында.
Жақып Асанов соңғы үш жылда орын алған жағдайларға қатысты пікір білдірді. 2015 жылы 1 миллион 17 мың, ал 2017 жылы 2,7 миллион іс пен материал қаралған, ал ағымдағы жылы 3,5 миллионнан астам болмақ. Яғни, елдің әрбір бесінші тұрғыны қандай да бір даулы мәселелерге іліккен.
«Кеше Жоғарғы сот кеңесінің отырысы өтті. Біз судья лауазымынан 7 адамды шеттету туралы шешім қабылдадық. Олардың екеуі - жас судья, жұмыс істеп жатқандарына 5-6 жылдың жүзі болды, әжептәуір жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Біздің соттардағы бірінші инстанция судьяларының 60% - әйел адамдар. Олар жұмысбастылық салдарынан жеке өмірлерімен айналысуға уақыттарының жетіспейтініне шағымданады. Өткен жылы сот орындаушылары бір миллион 200 мың санкция шығарған. Биыл болатын екі миллионы - тек сот орындаушылардың санкциялары, қалған жарты миллион - коммуналдық қызметтің қарыздары, яғни ПИК-тің түсірген шағымдары. Біз сот туралы айтқан кезде жұмыстың көлемі туралы айтпаймыз, оны жұмыс ретінде қабылдамаймыз да», - деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы.
Ж. Асанов туындап отырған мәселені сот жұмысын цифрландыру мен автоматтандыру арқылы шешуге болады деген пікірді ұстанады.
Бұл бағытта соттар тарапынан бірнеше қадам жасалып үлгерген. Мысалы, бүгінде азаматтық қуынымдардың 91% электрондық форматта түсетін болған. 6,5 миллион сот актісіне ғаламтор арқылы қол жеткізуге болады. «Сот кабинетін» қолданушылардың саны 3 жылда 7 есеге өсіп, 272 мың адамға жеткен.