Судья лауазымына кандидаттар психологиялық тестілеуден өтетін болады

Заң жобасы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмі барысындағы біліктілік талаптары өзгертіледі. «Өзгерістердің бірқатары «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын әзірлеуге байланысты туындады. Бұл ретте судья кандидаттарына қойылатын талаптар арасында сот отырыстарының хатшысы, судьяның, прокурордың, адвокаттың көмекшісі қызметіндегі жұмыс өтілдерінің болуы талап етіледі. Сот өндірісімен тікелей байланысты қызметтерде өтілі бар тұлғалар судья лауазымына айтарлықтай дайындықтан өткен деп саналады», - деді заң жобасы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ақылтай Қасымов.
Оның айтуынша, заң жобасымен психологиялық тестілеуден өткізу қажеттілігі қамтылып отыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында судья лауазымына тағайындалған тұлғаның бір жылдық сынақ енгізіледі. Ол мерзім аяқталғаннан соң судья қызметі міндетті бағалауға жатады. Бұндай бағалау кейіннен әрбір бес жыл сайын жүргізілетін болады, тек 20 жылдық өтілі бар судьялар ғана бұндай бағалауға жатпайды. Тұтастай алғанда, аудандық, облыстық соттардың және Жоғары Сот судьялары лауазымына кандидаттар үшін судьялық жұмыста белгілі бір еңбек өтілінің міндетті түрде болуы белгіленіп отыр. Сондай-ақ, отставкаға негіз болатын судьялық жұмыс өтілі 20 жылға белгіленіп отыр.
«Заң жобасының жаңалықтары уақытылы әрі сапалы сот төрелігін қамтамсыз етіп, сот билігінің тәуелсіздігін одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымов.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.