Судьяға үміткер азаматтарды ұсынатын лауазымды тұлғалар олар үшін жауапты болуы тиіс - Н. Назарбаев

А. Қарашаның 18-і.  ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда судьяға үміткер азаматтарды ұсынатын лауазымды тұлғалар олар үшін жауапты болуы тиіс. 

Судьяға үміткер азаматтарды ұсынатын лауазымды тұлғалар олар үшін жауапты болуы тиіс - Н. Назарбаев

 Бұл туралы бүгін Астанада басталған ҚР судьяларының V съезінің ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Судья және судья қызметіне үміткер азаматтарға қойылатын кәсіби талаптарды әзірлеп, бекіту қажет. Онда моралдық этикалық формалар ескерілуі шарт. Ал судьяға үміткер азаматтарды ұсынатын лауазымды тұлғалар олар үшін жауапты болуы тиіс. Сондай-ақ бүгінгі таңда сот шешімдерін орындаудың жекеменшік жүйесін енгізу мәселесін қарастыру қажет. Оған қоса Сот әкімшелендіру комитетінің мәртебесін көтеру жолында осы құрылымды Жоғарғы соттың құрамынан бөліп шығаруды қарау керек», деді Елбасы.