Судьялар бір-бірінің сойылын соғады деген пікірмен келіспеймін - Қазақстан Судьялар одағының төрағасы

амыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Осаналиев/ - «Судьялар бір-бірінің сойылын соғып, бір-бірінің сөзін сөйлейді деген пікірмен келіспеймін» дейді Қазақстан Судьялар одағының төрағасы Владимир Борисов.

Судьялар бір-бірінің сойылын соғады деген пікірмен келіспеймін -  Қазақстан Судьялар одағының төрағасы

Ол бұл пікірін бүгін Астанада өткен «Сот билігі мен БАҚ» форумында білдірді.

В. Борисовтың халықаралық тәжірибеге негізделген мәліметтеріне қарағанда, Францияда соңғы 9 жылда небәрі 1 судья ғана қызметінен босатылса, Қазақстанда соңғы 5 жылдың өзінде 111 судьяны қызметінен босату туралы мәселе көтерілген. «Бұл - судьялар арасында ешқандай да сыбайластық жоқтығының көрінісі. Әрине, жекелеген бір оқиғалар кездесіп қалатын шығар. Жалпы алғанда судьялар бірі-бірі қолпаштайды деген дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзінің көзқарасы, талап-тілегі бар және бұл көзқарас ылғи да бір-бірімен сәйкес келе бермейді», деді төраға.