Судьяларды іріктеу жүйесінің кешенді реформасын көздейтін заңға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және судьяларды іріктеу жүйесінің кешенді реформасын көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғарғы Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Судьяларды іріктеу жүйесінің кешенді реформасын көздейтін  заңға қол қойылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.