Судьяларды өмірбойғы қолдау жүйесін енгізу маңызды - Б. Бекназаров
ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Судьяларды өмірбойғы қолдау жүйесін енгізу маңызды. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров журналистермен ресми баспасөз мәслихатын өткізу барысында мәлім етті.
Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, бүгінгі күні елімізде зейнеткерлік жастағы 39 судья қызмет етіп келеді. «Әрине, зейнет жасқа толған тәжірибелі судьяларды бірден демалысқа жіберу туралы мәселе туындамау керек деп ойлаймын. Дегенмен де бірқатар өркениетті елдердегі секілді судьяларды өмір бойы мемлекет есебінен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Сондықтан да, адал ниетпен ел үшін еңбек сіңірген судьялар, зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққаннан соң өмірбойғы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілуі шарт. Көптеген өркениетті елдердегі секілді біздің Қазақстанда да осындай мәселе шешімін табуы тиіс деп есептеймін», деді Б. Бекназаров.