Судьялардың моральдық деңгейі мен сот қызметкерлерінің мәдениеттілігін қайта қарау қажет ? Жоғарғы сот төрағасы

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгінгі таңда судьялардың моральдық деңгейі мен сот қызметкерлерінің мәдениеттілігі қайта қарауды қажет етеді. Бүгін Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков аталмыш органның селекторлық мәжілісінде осындай пікір білдірді,

Судьялардың моральдық деңгейі мен сот қызметкерлерінің мәдениеттілігін қайта қарау қажет ? Жоғарғы сот төрағасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл бағыттағы міндеттерді тиісті деңгейде жүзеге асыру үшін бізде қазір нақты жоспарлар бар. Сот алқаларының жұмыс тәсілдері мен облыстық соттардың кадрмен байланысты пленарлық мәжілістерін де қайта қарау қажет. Тәртіптік-біліктілік алқасы мен сот этикасы жөніндегі комиссия өкілдері бізге өздерінің көзқарастарын нақты білдіріп, оны жазбаша түрде жеткізулері керек. Бұл ретте олардың көзқарастары нақты ұстанымға негізделуі тиіс. Қорыта айтқанда, сот органдарына тек осы лауазымға сай азаматтар ғана келе алатын жүйе қалыптасуы қажет», - деді М.Әлімбеков. Сондай-ақ сот органдарының мемлекеттің ерекше қамқорлығында екендігін атап өткен төраға, «жыл басынан бері жергілікті соттардың жалақылары 60 пайызға көтерілді. Бұл орайда мемлекеттік қызметшілердің жалақылары 25 пайызға ғана артқандығын айту керек. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл - үлкен айырмашылық. Біз осындай қамқорлық үшін мемлекетке тиісті жауап беруіміз керек. Яғни өз қызметімізге ар-ұждан тұрғысынан қарап, өз міндеттерімізді талапқа сай атқаруға тиіспіз», - деді.