Судьялардың тәуелсіздігі мемлекет тарапынан толығымен қамтамасыз етілді - М.Әлімбеков

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазірігі таңда судьялардың тәуелсіз мәртебесі болу үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды.

Судьялардың тәуелсіздігі мемлекет тарапынан толығымен қамтамасыз етілді - М.Әлімбеков

Бүгін Астанада «Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық конференцияда ҚР Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков осылай айтты.

Еліміздің бас судьясы атап көрсеткендей, бүгінде еліміздегі барлық судьялардың жалақысы көтеріліп, олардың тұрғын-үй мәселелері республикалық бюджет есебінен шешіліп келеді. Сондай-ақ судьяларды кәсіби дайындау және осы жауапты қызметке тағайындау жұмысы қатаң бақыланып отыр. «Сондықтан мен судьялардың тәуелсіз сот шешімдерін шығарулары үшін, олардың тәуелсіз құқықтық мәртебесі мен тәуелсіз ойлауы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды деп ойлаймын. Әрине, тәуелсіз ойлаудың да өзіндік талаптары бар. Ол оның кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Ал іштей тәуелді болып қалыптасқан судьялардан құтылу қажет. Осылай ғана біз отандық сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ете аламыз», - дейді М.Әлімбеков.