Судьяны баспен соққан австралиялық футболшы 70 ойыннан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық "СК Рум" бесінші дивизионы клубының жартылай қорғаушысы Исмаил Гюндуз судьяны баспен соққаны үшін 70 матчтан шеттетілді, деп хабарлады ВВС.

Судьяны баспен соққан австралиялық футболшы 70 ойыннан шеттетілді

Сенбі күні матчтың соңғы минуттарында судья футболшыға екінші сары карточканы көрсетуге әзірленіп жатқан кезде жартылай қорғаушы оны басымен соққан. Гюндуз командасы бұл ойында 2:3 есебімен жеңілді. Рефериге шұғыл медициналық көмек қажет болып, ол ауруханаға жеткізілді.

Австралиялық ережелерге сәйкес, ең көп дегенде 108 ойыннан шеттетуге болады.