Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Суда құтқару қызметінің мамандары 23 адамды аман алып қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жыл басынан бері Астана су қоймаларында 44 адам оқыс оқиғаға тап болған. Олардың 23-і құтқарылған, ал 21 адамды құтқару мүмкін болмаған. Мамандар мұның тұрғындардың қауіпсіздік шараларын ескермей, тыйым салынған жерлерде шомылуынан болған оқиға екендігін айтады, деп жазады astana.kz.

Суда құтқару қызметінің мамандары 23 адамды аман алып қалған

Астана қаласы Есіл ауданы ТЖБ инспекторы Бауыржан Бейсенқанов бұл жағдайға қатысты былай дейді: «Суға түскен кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Белгі қойылған жерден тыс малтып кетуге болмайды. Ең өкініштісі, көптеген оқыс оқиғалар ішімдік пайдаланғанның кесірінен орын алады... Астана орталығында арнайы суға түсетін жағажай бар. Осы белгіленген орында ғана суға түсуге болады».

Мамандардың сөзіне сүйенсек, суға кеткендердің 70-80 пайызы 30 жасқа дейінгі ер-азаматтар екен және олардың көбі ішімдіктің буымен ережені бұзатын көрінеді.