Судан ғалымдары жастарды экстремизмнен сақтануға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Судан ғалымдары елдегі жастарды соның ішінде ЖОО-да оқитын студенттерді теріс идеологияға алданбай дұрыс діни білім алуға шақырды, деп хабарлады www.muslim.kz.
None
None

Судан ғалымдары ұйымының жетекшісі Мұхамед Осман: «Расында Ислам діні ортаңғы жолды ұстануды қажет етеді. Ислам ешбір адамның қанын төгуге шақырған емес. Қазіргі «ИШИМ» содырлары бейкүнә адамдарды өлтіруге шақырады. Бүгінде бұл ұйымның әрекеті барлық Ислам ғалымдары тарапынан жалған екені дәлелденген», деді.

Соңғы уақыттары Судан азаматтары Түркия мемлекеті арқылы шетел асып «ИШИМ» қатарына қосылулары жиілеп кеткеннен соң, жергілікті ғалымдар жастарға осындай үндеулер жасауда.

Соңғы жаңалықтар