Судан Президенті Түркияға барудан бас тартты
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Судан президенті Омар әл-Башир Түркияға сапарынан бас тартты, ол Ыстамбұлда өтетін Ислам Конференциясы Ұйымының мәжілісіне қатысуы керек болатын,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Суданның Дарфур провинциясындағы әскери қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен халықаралық сот іздеу жариялаған әл-Баширдің сапармен келу ықтималдығына байланысты Еуропалық Одақ бұған дейін Түркияға наразылық нотасын жолдаған болатын. Түркия өкіметі өз жауабында, әл-Баширдің елге ресми сапармен емес, Конференцияға кіретін мемлекеттің өкілі ретінде келетінін мәлім еткен еді.