07:56, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Суданда БҰҰ-ның екі бітімгері қаза болды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Суданның Дарфур штатында БҰҰ мен Африка одағының бірлескен миссиясының колоннасына (ЮНАМИД) жауынгерлер шабуылдады, салдарынан Иордания мен Сенегаладан екі бітімгер құрбан болды.

Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несиркидің сөзіне қарағанда, аталған жағдай Грейда қаласының маңында болған. Шабуылдаушылардың өздері де зардап шекті. ЮНАМИД әскерилері оларға қарсы оқ ашты, содырлардың бірі қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Несиркидің мәлімдеуінше, БҰҰ-ның әкімшілік басшысы қаза болған бітімгерлердің отбасыларына көңіл айтты. «Бас хатшы бұл шабуылды қатты сынға алды және Судан билігі жедел түрде ЮНАМИД-ке шабуыл жасағандарды жауапкершілікке тартады деген үмітте», - деп жазылған хабарламада.