Суданда қару жасалатын фабрика жарылды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Суданның астанасы Хартумда 23 қазан күні кешке қарай қару фабрикасында жарылыс болды, оның соңы жойқын өртке ұласты. Бұл туралы Reuters хабарлады.
None
None

Оқиға орнына барған агенттіктің тілшісі фабрикада жаңа жарылыстардың болып жатқанын хабарлады. Әскерилер кәсіпорынға апаратын негізгі жолдарды жауып тастады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде.

Судан мемлекеттік медиа орталығына сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлағандай, жарылыстар мен өрт Ярмук оқ-дәрілерді жасау фабрикасында орын алған.

Соңғы жаңалықтар