Суданда шалбар киген журналист әйелдің ісі бойынша тыңдау болады

АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат  - «Ерсі»  киім - шалбар кигені   үшін  айыпталған   журналист   Любна Ахмед әл-Хұсейн  ханымның  ісі  бойынша   Суданның   елордасы   -Хартумда     бүгін   сот   тыңдауы    басталды, 
None
None

деп   хабарлайды «РИА  «Новости»  агенттігіне  сілтеме  жасап.

Әл-Хұсейн  ханымды   полиция  шілденің 3-інде   Хартумдағы мейрамханалардың бірінде  шалбармен   жүрген  тағы 12  әйелмен бірге   ұстаған  болатын.

Журналист   Любна Ахмед әл-Хұсейн  ханымды Суданның  Қылмыстық кодексінің 152-ші  бабы  бойынша - қоғамдық орындағы  ерсі  әрекеті үшін және  ерсі киінгені  үшін - 250    судан  фунты   көлемінде (100 доллар)   айыппұл және 40   дүре  түрінде жаза күтіп тұр.  Судандық  «Ас-Сахафа»    газеті үшін  жазатын  және  БҰҰ-ның Судандағы ақпараттық   бөлімінде  қызмет ететін  журналист   келіншектің ісі     үлкен  жанжалға айналып   отыр,  себебі   ол     «барша әйел  затын  кемсітетін», адам құқығына  қысым  көрсететін Қылмыстық кодекстің    осы  бір бабының күшін   жою үшін  күреспек  ниетін   мәлім етті.   Онымен қоймай,   журналист     тамыздың  4-інде өткен     соттың  бірінші   мәжілісіне шалбар киіп келді. Оны қолдаған     бірнеше  жүздеген  мың  қыз-келіншек    сот ғимаратына  шалбар киіп   келді.   Полиция     оларды    қуып таратып, сот  мәжілісі  қыркүйек  айына ауыстырылған  болатын.

Соңғы жаңалықтар