Судандағы ресейлік ұшқыштар босатылды

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 29-ында Суданның оңтүстік Дарфурында ұрланған ресейлік үш ұшқыш босатылды. Бұған дейін, оларды ақша талап ету мақсатында шетел азаматтарын ұрлауға машықтанған жартылай саяси, жартылай бандиттік топ басып алды, деп хабарланған болатын. Кепілдегілерді құтқару туралы толығырақ айтылмай отыр, деп хабарлайды Вести.Ру.

Судандағы ресейлік ұшқыштар босатылды

Мұндай ақпаратты Оңтүстік Дарфур билігіне сілтеме жасай отырып, жергілікті басылымдар таратты. Бірақ, «Ресей 24»-тің хабарлауынша, РФ Судандағы елшілігі бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ, олардың айтуларына қарағанда ресейлік ұшқыштар бірнеше сағат көлемінде босатылуы тиіс.

Ресейлік ұшқыштар тамыздың 29-ында Оңтүстік Дарфурда ұрланды. Badr Airlines компаниясында келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін ресейлік үш ұшқыш - экипаж командирі В.Малай, екінші ұшқыш К.Пеликаев және борт инженер Г.Филевченко отырған көлікті жергілікті уақыт бойынша 16:00 сағат шамасында бет перде жамылған қарулы топ басып алған. Өздері тұратын үйден 50 метр жерде кепілге алынған ресейліктерді қарулы топ белгісіз бағытқа қарай алып кеткен.

Ресей сыртқы саясат ведомствосының мәліметтері бойынша, ресейлікітерді Ньял қаласында ұстаған. Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Михаил Маргеловтің айтуынша, ұрланған ұшқыштарды іздестіру және оларды босату шараларына Судан қауіпсіздік қызметі, РФ елшілігі, БҰҰ құрылымдары және Badr Airlines авиакомпаниясының өкілдері бірлесе атсалысты.